Еуропаның он елі Ресей газын рубльмен сатып алатын болды

1070

Бұған дейін Австрия мен Венгрия Ресей отынын сатып алу үшін рубльді қолдануға келіскен еді.

Еуропаның он елі Ресей газын рубльмен сатып алатын болды

Еуропаның он елі ресейлік газды сатып алу үшін рубльді қолданатын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. Олар төлем жасау үшін Газпромбанкта шот ашқан. 

Агенттіктің дерегіне сүйенсек, 21 елдің әзірге 10-ы осындай шешім қабылдаған. Төрт сатып алушы төлем жүргізіп үлгерген. Нақты қай елдердің мұндай қадамға барғаны жарияланбады. 

Бұған дейін Австрия мен Венгрия Ресей отынын сатып алу үшін рубльді қолдануға келіскен еді. 27 сәуірде "Газпром" Польша мен Болгарияға газ жеткізуін тоқтатқанын мәлім етті. Өйткені бұл елдер Ресей Президенті Владимир Путин бекіткен жаңа ережелер бойынша төлем жасаудан бас тартқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: gazprom.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу