Еуропаның орталық банкі пайыздық мөлшерлемені тағы азайтты

159

Еуропа орталық банкі кейінгі 10 айда негізгі пайыздық мөлшерлемені жетінші рет түсірді.  

Еуропаның орталық банкі пайыздық мөлшерлемені тағы азайтты Фото: Reuters

Сөйтіп оның мөлшері 2,4 пайыз деңгейінде бекітілді, деп жазады inbusiness.kz сайты Рейтерс агенттігіне сілтеме жасап.

Мұндай шешім Еуроаймақтағы инфляция деңгейінің төмендеуімен байланысты. Жалпы кәріқұрлықтағы елдердің экономикасы жақсы нәтижелер көрсетіп отыр. Бірақ, сарапшылар Трамптың тариф саясатына байланысты жағдай күрт өзгеруі мүмкін екенін де ескертеді.

Ақ үй басшысы Еуродақтан импортталатын тауарларға 10 пайыздық баж салығын салып, оны екі есе көтеремін деп сес көрсеткен болатын.

Негізгі мөлшерлемені 2,25%-ға дейін төрттен бір тармаққа төмендету еуроаймақтағы өсудің баяулауын және АҚШ шекаралық салықтарының әсерін жоюға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу