Еуропа "Бабет" дауылына дайындалуда, деп хабарлайды inbusiness.kz еуропалық The Local ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Оңтүстік Дания қазірдің өзінде ауа-райы құбылып, жергілікті су тасқынына әкелетін дауыл басталды.
Бірқатар аудандарда тасқын салдарынан жолдар жабылып, ағаштар құлады. Даниялық метеорологтар ауа райы "өте қауіпті деңгейде" деп жариялап, соңғы 100 жылдағы ең күрделі дауыл болуы мүмкін екенін ескертті.
Норвегияда паром қызметі тоқтатылды және бірнеше көпір, соның ішінде Норвегияның оңтүстік-батысындағы Хардангер көпірі сақтық шарасы ретінде көлік қозғалысы үшін жабылды.
Швецияның оңтүстігінде жұма күні бірқатар бағыттар бойынша автобустар мен пойыздар қозғалысы шектелді. Бұған дейін "Бабет" дауылы Ирландия мен Шотландиядан өткен болатын.