Австрияның Сыртқы істер министрі Александр Шалленберг Вена Ресейден жеткізілетін газды рубльмен сатып алмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап.
Осылайша Австрия Мәскеудің талабын орындаудан бас тартқан елдердің қатарына қосылды.
"Біздің ұстанымымыз айқын. Біз бұрын келісілген шарттарды ұстанамыз, рубльмен төлемейміз, бізде ондай жоспар жоқ", – деді Шалленберг.
Еске сала кетсек, 31 наурызда Ресей президенті Владимир Путин достас емес елдерге ресейлік газды сатудың жаңа тәртібін анықтайтын жарлыққа қол қойған болатын.
Еуропалық комиссия бұл жарлықты ЕО санкцияларына қайшы келеді деп жариялады.
Одақтың көптеген елдері мен компаниялары төлемді рубль арқылы жүргізуден бас тартып, бұның келісімшартқа қайшы келетінін мәлімдеді. Ал Венгрия мен Словакия елдері Ресейдің газын рубль төлеп сатып алуға келісті.
Табиғат Нұрболат