Еуропарламент бензинмен жүретін көліктерге тыйым салды

1015

Бұл тыйым Еуропалық Комиссияның 2050 жылға қарай ЕО-да климаттық бейтарап экономикаға қол жеткізу жоспарының бір бөлігі болып табылады.

Еуропарламент бензинмен жүретін көліктерге тыйым салды

Еуропалық парламент 2050 жылға қарай Еуропаны көміртекті бейтараптыққа қол жеткізген алғашқы континент етуге дауыс берді. Яғни іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктерді сатуға 2035 жылдан бастап тыйым салынады. 

Жалпы ережелерге сәйкес, Еуроодақтың 27 елінде бензин мен дизельмен жүретін автокөліктерді сатуға тыйым салынады. Сонымен қатар көліктердің зиянды шығарындыларын 2030 жылға қарай 55%-ға азайту туралы талап бекітілді.

Бұл тыйым Еуропалық Комиссияның 2050 жылға қарай ЕО-да климаттық бейтарап экономикаға қол жеткізу жоспарының бір бөлігі болып табылады. 2021 жылы ЕК 2035 жылдан бастап электромобильдерге толық көшуді және Еуроодақ аумағында бензин және дизельмен жүретін автомобильдер шығаруға тыйым салуды ұсынды. Еуропалық Комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен 2021 жылдың шілдесінде Чехияға жасаған сапары кезінде электромобильдер өндірісін арттыруды және ЕО елдерінің тұтынушыларын субсидиялау идеясын ұсынды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу