Еуропалық парламент Еуроодақ елдерінде коронавирустық сандық сертификатты енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.Енді шешім техникалық рәсімдеуден өтуі керек, ол ЕО ресми журналында жарияланғаннан кейін түрде күшіне енеді
Коронавирус сертификаты ЕО-да 1 шілдеде ресми түрде іске қосылады. Бірақ құжат қазір сынақ режимінде тұрғындарға үлестіріліп жатыр, оны шамамен миллионнан астам еуропалық алды.
Еуропалық комиссия 17 наурызда ЕО-да сандық коронавирус сертификаттарын енгізу туралы заң жобасын ұсынған еді, онда деректердің үш түрі жазылады: COVID-19 вакцинациясы туралы ақпарат, теріс ПТР сынағы, дертпен ауру фактісі және иммунитеттің болуы туралы мәлімет. Яғни бұл жердегі вакциналар ЕО-да мақұлданған болуы керек. Алайда одақ елдері өз бетінше басқа вакциналарды да мойындауға құқылы.
Сертификатты ұялы телефон және QR-код арқылы пайдалануға болады. ЕО-ның вакцинацияланған тұрғындары Еуропалық Одақ елдерінде саяхаттағанда тест тапсыру және карантинді сақтау сияқты міндеттемелерден босатылады.
Бұған дейін Еуропалық комиссия Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық төтенше жағдай режимін тоқтатқанша ЕО-да COVID-19 сертификаттарын уақытша қолдануды ұсынды. Сертификат ЕО аумағында 12 айға енгізіледі.
Табиғат Нұрболат
Фото: uic.am