Еуропарламент Грузиямен арадағы виза тәртібін алып тастауды қолдап отыр, деп жазады 24Хабар.
Бұл шешімді қуаттап 553 депутат дауыс берген.
Олардың пікірінше, Грузия қойылған барлық талапты орындаған. Әсіресе, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес айрықша аталып өтті. Ал, 66 депутат мұнымен келіспесе, 28-і қалыс қалған. Енді бұл шешімді Еуроодақтың кеңесі мақұлдауға тиіс.
Айта кетейік, Еуроодақ келісімнің қандай да бір талабы бұзылатын болса, визасыз режимді кез келген уақытта тоқтатуға құқылы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу