Еуропарламент Қазақстан билігін елдегі саяси қуғын-сүргіннің барлық түрін тоқтатуға шақырды. Бұл жайында 14 науырызда қабылданған қарарында айтылған, деп хабарлайды Atameken Business.
Еуропарламент Қазақстанда саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың саны артып, елдегі қауымдастық бостандығының құқығы айтарлықтай шектелгеніне алаңдаулы.
"Өткен жылы билік бейбіт оппозициялық қозғалысқа тыйым салғанын назарға ала отырып, Еуропарламент мүшелері үкіметті осындай әрекеттерді тоқтатуға шақырады", – делінген қарарда.
Сонымен қатар Еуропалық парламентшілер Қазақстан үкіметін жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды қайта қарауды ұсынды. Оған қоса елдегі әділ сот талқылауларына Еуроодақ елдерінің дипломаттарын қатыстыруды сұрап отыр.
Бұған дейін АҚШ-тың мемлекеттік департаменті де Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуы турасында айтқан болатын.