Шарт қойды. Александр Лукашенко конституциялық реформа туралы мәлімдеп, қандай жағдайда орынтағынан кетуге дайын екенін айтты.
Бақытты өмір туралы ертегілер, президенттердің портреттері және тағы басқалар. ТМД елдері көшбасшыларының есте қалар әрекеттері мен күлкілі қулықтары.
Соғыс өрті тұтынуы мүмкін. Қытай Тайваньға шабуылдауға дайындалып жатыр. Жанжалдың жаңа толқынына не себеп болды? Тараптардың талаптары қандай және бәрі қалай аяқталуы мүмкін?
Билік реформасы. Қырғызстан Конституциясына енгізілген түзетулерге қатысты кезекті референдум қашан өтеді және бұл өзгерістер Қырғызстанның өміріне қалай әсер етеді? Бішкектің саяси өміріндегі соңғы жаңалықтар.
Жойылсын жалғыздық: Жапония Үкіметі жалғызбасты адамдарға екінші жартысын табуға және отбасын құруға көмектеседі. Жалғыздық министрлігі немен айналысады және неге мұндай қажеттілік туындады?
Осы және өзге де тақырыптар Atameken Business-тің "Әлем тынысында" қозғалады: