Еуропарламенттің 705 депутатын сайлау 2024 жылдың 6-9 маусымы аралығында өтетіні ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі euronews-ке сілтеме жасап.
Кездесуде 27 мүше мемлекеттің елшілері сайлау датасын алдын-ала таңдады.
Сайлау – әр бес жыл сайын өтеді және әлемдегі ең ірі трансұлттық дауыс беру. Себебі, әр түрлі ұлттың 400 миллионнан астам өкілі дауыс беруге құқылы. Олар еуропалық Парламентте бір уақытта өздерінің саяси өкілдерін таңдауға шақырылады.
Заң шығарушылар құрамын жаңарту Еуропалық комиссия мен Еуропалық кеңестің басшылығына, соның ішінде қазіргі уақытта Урсула фон дер Лейен мен Чарльз Мишель атқаратын лауазымдарға да әсер етеді.
Фон дер Лейен Еуропалық комиссияның төрағасы ретінде екінші бесжылдық мерзімге үміткер болғысы келетінін әлі растаған жоқ.
Ал Мишельге Еуропалық кеңестің басқаруында қалуға болмайды. Өйткені бұл лауазым екі мерзіммен шектелген. Оның әрқайсысы – 2,5 жыл.
Айта кетерлігі, Португалия бұл датаға алаңдаушылық білдірді. Өйткені 10 маусымда елде жалпы сайлау өтеді және бұл күндердің сәйкес келуі келушілерді азайтуы мүмкін.