Еуропалық парламент Страсбург сессиясында табиғатты қалпына келтіру туралы заңға дауыс берді. Заңнама ЕО құрлықтары мен теңіздерінің бестен бір бөлігін табиғи күйге қайтаруды көздейді, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Табиғатты қалпына келтіру туралы заң сәрсенбіде Страсбургтегі Еуропарламенттің пленарлық сессиясында мақұлданды. 336 депутат "мақұлдады", 300 депутат "қарсы" дауыс берді. Жобаның мәтіні қоршаған ортаны қорғау комитетіне пысықтауға қайтарылады.
Заң 2030 жылға қарай Еуропалық Одақтағы құрлық пен теңіздің құртылған бетінің кем дегенде 20%-ын табиғи жағдайға қайтаруға бағытталған. 2050 жылға қарай химиялық пестицидтерді қолдануды 50%-ға қысқарту көзделуде.
Табиғатты қалпына келтіру туралы заң — ЕО елдерінің "Жасыл мәмілесінің" негізгі элементі. Қоршаған ортаны қорғаушылар, солшыл орталық және кейбір либералды еуродепутаттары заңнаманың осы жылдың соңына дейін күшіне енуін қалайды.
Бірақ христиан демократтары мен басқа да оңшыл еуродепутаттар мұндай шешім ауылшаруашылық жерлерін қысқартуға, аз өнім жинауға, азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деп алаңдаушылық білдіреді.