Еуропарламент Украина мен оның Президенті Зеленскийге Сахаров сыйлығын берді

561

Биыл Андрей Сахаров атындағы Еуропалық Парламенттің "Ой бостандығы үшін" сыйлығының лауреаттары Украина, оның халқы мен Президент Владимир Зеленский атанды. 

Еуропарламент Украина мен оның Президенті Зеленскийге Сахаров сыйлығын берді Фото: Unsplash

Жүлде 14 желтоқсанда Страсбургтегі салтанатты рәсімде табысталады, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC арнасына сілтеме жасап. 

Биыл Украина, Украина халқы мен елдің президенті Зеленский үміткерлер тізімінде жеті позицияның үшеуін иеленді. Еуропалық халық партиясы "Президент Владимир Зеленский бастаған Украинаның ержүрек халқын" үміткерлер қатарына ұсынды, ақыры осы номинация сыйлыққа лайық деп танылды.

Социал-демократтар фракциясы "Еуропаны жаңарту" фракциясымен одақтасып, Зеленскийді айтпастан "Украина халқын" ұсынды, ал "Еуропалық консерваторлар мен реформаторлар" бір Зеленскийді ұсынды.

Үміткерлердің арасында Wikileaks негізін қалаушы Джулиан Ассанж, Иорданияның батыс жағалауында өлтірілген "Әл-Жазира" журналисі Ширин Абу Акле, алпыс жылдық азаматтық соғыстан кейін ақиқатты іздейтін Колумбияның ақиқат және татуласу комиссиясы мен бразилиялық құқық қорғаушы Соня Гуажажара болды.

Андрей Сахаров атындағы "Ой бостандығы үшін" сыйлығы 1988 жылдан бері Еуропарламентпен құрылғалы бері жыл сайын беріледі және ЕО-ның Адам құқықтары саласындағы ең маңызды сыйлығы болып саналады. 

Сыйлықтың ақшалай баламасы-50 мың еуро. Биыл бұл қаражат украин азаматтық қоғамының өкілдеріне бөлінеді.

Өткен жылы Еуропалық Парламенттің ең ірі фракциясы ұсынған ресейлік оппозиционер Алексей Навальный сыйлыққа ие болды.

2020 жылы сыйлық Беларусь оппозициясының өкілдеріне берілді, ал 2018 жылы оны украин кинорежиссері Олег Сенцов алды. Ол тарихта осы марапатқа ие болған алғашқы украин болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу