Еуропарламент Украинаға ЕО мүшелігіне үміткер мәртебесін беруді қолдады

580

Нақты шешім ЕО саммитінде қабылданады.

Еуропарламент Украинаға ЕО мүшелігіне үміткер мәртебесін беруді қолдады

Еуропарламент Украина мен Молдоваға Еуропалық Одақ мүшелігіне үміткер  мәртебесін беру жағын қолдап, тиісті қарар қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Түпкілікті шешім Брюссельде өтетін ЕО елдерінің саммитінде жарияланады.

Бұған дейін Еуропалық Кеңестің басшысы Шарльз Мишель Еуроодақ басшылары 23 маусымда Украина мен Молдоваға бұл мәртебені береді деп айтқан болатын.

28 ақпанда Украина Президенті Владимир Зеленский елдің Еуропалық Одаққа қабылдануы үшін өтінім тапсырған болатын. 17 маусымда Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен Еуропалық Кеңеске бұл мәртебені Украинаға беруді ұсынғанын айтты.

Егер бастама мақұлданса, Украина билігі одақтың бірқатар шарттарын орындауы керек. Яғни ресми Киев Жоғарғы Сотқа судьяларды тағайындау процедурасын заңнамалық түрде бекітуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуі, қаражатты жылыстатуға және олигархияға қарсы заңдарды қабылдауы, бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелділігіне жол бермеуі, сондай-ақ ұлттық азшылықтардың құқығы бойынша реформаларды жүзеге асыруы тиіс.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу