Еуропарламенттегі жанжал: Ева Кайли қызметінен босатылады

554

Желтоқсан айының басында Кайли әлем кубогын өткізетін Катардың сыбайлас жемқорлыққа қатысы барын тергеу аясында алты күдіктінің қатарына кірді. 

Еуропарламенттегі жанжал: Ева Кайли қызметінен босатылады Фото: static.dw.com

Сыбайлас жемқорлыққа күдікті Еуропарламент төрағасының орынбасары Ева Кайлиді қызметінен айыру туралы шешім 13 желтоқсанда пленарлық отырыста қабылданады, деп хабарлайды Inbusiness.kz DW сайтына сілтеме жасап.

Еуропарламенттің 14 вице-төрағасының бірі Ева Кайли бір уақыттары Катардың еңбек нарығындағы жағдайын бақылаушылар қатарында болды, онда құқық қорғаушылар Азия мен Африкадан келген еңбек мигранттарының құқықтарын жиі бұзылатынын алға тартқан болатын.

Дегенмен футболдан 2022 жылғы Әлем кубогының басталуына аз уақыт қалғанда Кайли Катардың еңбек министрімен кездесіп, 22 қарашада ЕО-да сөйлеген сөзінде Катардағы еңбек нарығының реформасына оң баға беріп, оны "араб әлемін шабыттандырушы" деп атады.

Бірнеше күн бұрын күдіктілердің барлығы ұсталып, тінту кезінде компьютерлер, ұялы телефондар мен 600 мың еуро тәркіленді. 11 желтоқсанда Бельгия билігі төрт күдіктіге айып тағып, оларды тұтқындауға жол берді.

"Олар қылмыстық ұйымға қатысқаны, ақшаны жымқырып, сыбайлас жемқорлық барғаны үшін айыпталуда", - деді прокуратура.

Еуропалық Парламенттің фракция жетекшілері сыбайлас жемқорлық пен басқа да қылмыстарға күдікті ЕО төрағасының орынбасары Ева Кайлиді қызметінен шығару туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Соңғы шешімді еуродепутаттар пленарлық отырыста қабылдауы тиіс. Дауыс беру сол күні өтуі керек, деп жазады агенттік. Шешім қабылдау үшін оны парламентшілердің кемінде үштен екісі қолдауы керек.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу