Еуропарламенттің баяндамашысы ресейлік алюминийге эмбарго салуға шақырды

405

"Арктик СТГ 2" жобасына, Росатомға, сондай-ақ ресейлік алюминий мен ядролық отынға эмбарго енгізуге Ресей Федерациясы бойынша Еуропарламенттің тұрақты баяндамашысы Андрюс Кубилюс шақырады. 

Еуропарламенттің баяндамашысы ресейлік алюминийге эмбарго салуға шақырды Фото: ИноСМИ

Ресейге қатысты келесі санкциялық шаралар "Росатом" мемлекеттік концерніне, сондай-ақ "Арктик СТГ 2" сұйытылған табиғи газды өндіру, сақтау және жөнелту үшін зауыт салатын компанияларға қатысты болуы керек, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ресей бойынша Еуропарламенттің тұрақты баяндамашысы Андрюс Кубилюстің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Еуропалық комиссия мен ЕО Кеңесі өкілдерінің қатысуымен Ресей Федерациясына қарсы Еуропалық Одақ санкцияларының тиімділігі туралы парламенттік пікірталастарда ол ресейлік алюминий мен ядролық отынға эмбарго енгізуге шақырды.

"Ресей бұл соғысты одан әрі қаржыландыра ала ма, жоқ па, ол бізге байланысты", - деп атап өтті еуродепутат.

Ресей экономикасы санкциялардан Еуропалық Одақ күткендей зардап шеккен жоқ, деді Бельгия парламентшісі Катлин ван Бремпт.

"Біздің санкцияларымыз біз ойлағандай тиімді емес болып шықты. Санкциялар тізіміндегі көптеген тауарлар әлі де Ресейге жеткізіліп, Ресейдің әскери экономикасын байытып жатыр", - деді ол.

Ван Бремптің ұсынысы — ЕО-ның дипломатиялық күш-жігерін күшейту және санкцияларды айналып өтетін Ресеймен көршілес елдер мен оның одақтастарына, сондай-ақ Ресей Федерациясына жеткізуге тыйым салынған тауарларды экспорттауды жалғастыратын Еуропалық Одақтағы компанияларға қысым жасау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу