Ресей Федерациясының құқықтық ақпаратының ресми интернет-порталында мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлығы publication.pravo.gov.ru жарияланды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"Марапат ұлттар мен ұлыстардың мәдениеттерін жақындастыру және байыту мақсатында жемісті еңбек еткендерге беріледі", - делінген құжатта.
Марапатталғандардың қатарында "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының директоры Ғалым Ахмедьяров, Шымкент қалалық Орыс драма театрының директоры Игорь Вербицкий, "Славяндар" әлеуметтік-мәдени орталығының басқарма төрағасы Галина Щербакова, Н. Сатц атындағы Қазақстан балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Валерия Қырым, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов бар.
Пушкин медалімен шет мемлекеттердің азаматтары Ресей Федерациясымен мәдени байланыстарды дамытуға және нығайтуға қосқан зор үлесі үшін, орыс мәдениеті мен өнерін қолдаудағы жемісті қызметі үшін, шетелде орыс тілі мен әдебиетін насихаттау мен таратудағы белсенді жұмысы үшін марапатталады.
Пушкин медалі күмістен жасалған. Диаметрі 32 мм болатын дөңгелек формалы келеді.