Ева Кайли қамаудан босатылып, үй қамағына алынды

449

Босату туралы шешімді Бельгия соты бір күн бұрын қабылдады. 

Ева Кайли қамаудан босатылып, үй қамағына алынды Фото: static.euronews.com

Еуропалық парламенттің бұрынғы вице-спикері Ева Кайли қамаудан босатылды, бірақ үй қамауында қалады, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Грек Кайли қылмыстық ұйымға кіріп, Еуропалық Одақтың Катар мен Марокконың мүддесі үшін саяси шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында пара берді және ақшаны жымқырған деп айыпталуда. Ол түрмеде төрт айдан астам уақытын өткізді.

"Катаргейт" деп аталатын іске қатысы бар тағы бес адам қамаудан босатылды немесе бостандыққа шығуға дайындалып жатыр. Олардың арасында итальяндық Пьер Антонио Панцери бар. Ол тергеумен келісімге келді. Сейсенбіде бельгиялық еуродепутат Марк Тарабелла да үйдегі электронды бақылауға ауыстырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу