Гималай тауларында 6 күн жалғыз жүрген альпинист аман-есен табылды

1007

Ол адам төзгісіз жағдайда төменге жалғыз өзі түскен.  

Гималай тауларында 6 күн жалғыз жүрген альпинист аман-есен табылды Фото: SPCC

Эверестте жоғалып кетіп, қаза тапты деп есептелген Непал тұрғыны Дава Шерпа аман-есен табылды. Ол араға 6 күн салып лагерьге өз күшімен жеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты  BBC агенттігіне сілтеме жасап. 

52 жастағы Дава Шерпа 30 мамыр күні таңертеңгі уақытта әлемдегі ең биік тау – Эверест шыңына жақын маңда із-түссіз жоғалып кеткен. Бейсенбі күні оны базалық лагерь маңынан Sagarmatha Pollution Control Committee непалдық тобының мүшелері тапқан. SPCC – Эверестте альпинистер қалдырған қоқысты тазалаумен айналысатын жергілікті ұйым.

Кейін ер адам тікұшақпен Непал астанасы Катмандуға жеткізілді. Оның қолын үсік шалған. Мамандар оның жағдайын жалпы жақсы деп бағалап отыр.

Басылымның жазуынша, Дава Шерпа гид болып жұмыс істейді. 29 мамырда көктемгі альпинизм маусымының соңғы күндерінің бірінде ол адамдарды алдыңғы лагерьден шыңға қарай алып шыққан. Эверест шыңына көтерілуге 18 сағаттай уақыт кеткен. Әдетте бұл 10-12 сағаттай уақытты алады.

Тролл 29 мамырда шамамен 17:00-де Дава Шерпамен бірге биіктігі 8 849 метр болатын шыңға ойдағыдай көтерілген. Поляк альпинисі шыңға жете алмаған, оның саусақтары ұсіп қалған, осылайша ол  өз бетінше төмен түскен.

Үшеуі де лагерьге дейін түскен. Сары белдеу деп аталатын учаскеде Дава тоқтап қалған. Кейін ол шыңнан жалғыз өзі түскен.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу