Олар Эверестің шығыс беткейіндегі қатты боран салдарынан осындай жайтқа душар болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Саньсян душибао" басылымы кейбір туристер төмен қарай түсуін жалғастырса да, көпшілігі құтқарушылардың көмегіне мұқтаж екенін мәлім етті.
Жалпы, 4 қазан күні таудың шығыс беткейінде соңғы жылдардағы ең күшті бораннан соң негізгі маршруттар толықтай жабылып, көріну күрт 1 метрге дейін төмендеп кеткен. Жоғарыға шығатын туристердің мұздақ жолдармен жүруге мүмкіндігі болмай, шатырларында паналап қалған.
Көп ұзамай Қытайдың Тибет автономиялық ауданының Шигадзе қаласы билігі құтқарушылар тобын туристерге көмек көрсету үшін жібергенін хабарлады.
Эверест (Джомолунгма) Махалангур-Химал гималай жотасына кіреді, тау Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық аймағының шекарасында орналасқан.
2020 жылдың желтоқсанында Қытай мен Непал бірлескен экспедициялардан кейін Эверестің жаңа биіктігін жарияланды: ол – 8 848,86 метр, бұл бұрынғыдан 86 сантиметр жоғары.