Евгений Больгерт шағын және орта бизнесті қолдау деңгейі жеткіліксіз екенін айтты

179

Елдегі шағын және орта бизнестің үлесі 35 пайызды құрап отыр.  

Евгений Больгерт шағын және орта бизнесті қолдау деңгейі жеткіліксіз екенін айтты Фото: Парламент Сенаты

Сенатор Евгений Больгерт шағын және орта бизнесті қолдау деңгейінің төмен екенін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы ол өзінің депутаттық сауалында айтты.

Депутаттың сөзінше, дамыған елдерде шағын және өзінің депутаттық сауалында орта бизнес жұмыспен қамтудың 60%-ы мен қосылған құнның 50%-дан астамын қамтамасыз етеді. 

"Қазақстанда шағын және орта бизнестің үлесі небәрі 35%, ал несие алуда 19%-ды құрайды. Бұл дамыған экономиканың осы маңызды құрамдас бөлігін қолдау деңгейінің аздығын көрсетеді. Бір жыл бұрын Үкімет машина жасау саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті, оның аясында өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 600 миллиард теңге бөлу көзделген. Бұдан бөлек жоспарда "Даму" қорынан ШОБ несиесіне 50 миллиард теңге субсидия бөлу қамтылған. Алайда, 2024 және 2025 жылдарға бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен қаржы көзделмеген", - деді Евгений Больгерт.

Сенат депутаты өнеркәсіпті дамыту қорының мөлшері 7 пайыздан 9 пайызға дейін өскенін жеткізді. 

"Шағын және орта бизнес осы қаржыландырудан зор үміт күтсе де, бизнестің үміті ақталған жоқ және саланың болашағы дабыл қағуды талап етеді. Бұл ретте кешенді жоспарда 2029 жылға қарай өндірісті 4,5 есеге, яғни 3 трлн теңгеден 11 трлн теңгеге дейін ұлғайту, нақты көлем индексі жыл сайын кемінде 10% өсіммен 2,2 есеге ұлғайту туралы міндет қойылды. Егер оған жағдай жасалмаса, бұл мақсатқа қалай жетуге болады? Кешенді жоспарға сәйкес және биылғы қарызды ескере отырып, машина жасау саласының несиесін қаржыландыруды және субсидиялауды қамтамасыз етуді ұсынамыз. Серпінді өңдеуші кәсіпорындардың өнеркәсіпті дамыту қорына 3%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қолжетімді несие беру мәселесін шешу керек", - деді Евгений Больгерт.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу