"Астана" велошабандозы Евгений Гидич мәреге жеңімпаз сербиялық Душан Райовичтен кейін тоғызыншы болып келді және ол бас классификация бойынша көшбасшының қызыл жейдесін сақтап қалды.
Оның командаластары жалпы есеп бойынша қазақстандық Андрей Зейц 7-орынға, ал италиялық Давиде Вилелла 9-орынға ие болып, ертең өтетін шешуші таулы кезең алдында он үздіктің қатарынан табылды.
"Бүгін ауа-райы жақсы болып, жолымыз болды. Сондықтан шабандоздардың жылдамдығы жоғары болып, кезең тез аяқталды. Біздің жігіттер күні бойы жарысты бақылауларында ұстап, қызыл жейдені сақтап қалды. 100 пайыз барын салып жұмыс атқарған командаластарыма, әсіресе, Даниил Фоминых, Жандос Бижігітов және Юрий Натаровтарға алғысымды білдіремін. Олар күні бойы жарысты бақылауда ұстады. Ал финалда Давиде Виллелла белсенділік танытып, мәреге 5 шақырым қалғанда шабуылға шықты. Бүгінгі кезеңнің финиші өте қауіпті болды. Соңғы шақырымда екі рет шабандоздар қақтығысы орын алды. Сондықтан біз тәуекелге бармауды жөн санадық. Күшімізді ертең өтетін шешуші кезеңге сақтап қалдық. Ең бастысы, көшбасшыларымыз финишке уақыт жоғалтпай, еш кедергісіз жетті", - деді фиништен соң Евгений Гидич.
Ермұхамед Мәулен