Евгений Кочетов - Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

591

Үкімет қаулысымен Евгений Дмитриевич Кочетов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Евгений Кочетов - Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Фото: primeminister.kz

Евгений Кочетов 1988 жылы Астана қаласында дүниеге келген.

  • Қазақ гуманитарлық заң университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
  • 2009-2013 жылдар аралығында "Жас Отан" ЖҚ және "Нұр Отан" ХДП орталық аппаратының түрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы, консультант болып жұмыс істеді.
  • 2013-2014 жылдары – "Цесна Корпорациясы" АҚ девелопментінде бөлімше басшысы.
  • Әр жылдары жеке меншік коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
  • 2016 жылы "Қазконтент" АҚ Kaztube.kz видеопорталының жетекшісі болып тағайындалды.
  • 2016-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.
  • 2017-2018 жылдары – "Қазконтент" АҚ басқарма төрағасы.
  • 2018-2019 жылдары "Нұр Отан" партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары қызметін атқарды.
  • 2019-2020 жылдары – "Рухани Жаңғыру" КЕАҚ қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының кеңесшісі.
  • 2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қорының бас директоры болып жұмыс істеді.
  • Әр жылдары "Литер" қоғамдық-саяси газеті, "Капитал" іскерлік басылымы, "Власть" интернет-журналы, "Информбюро" ақпараттық-талдау порталында шолушы болып жұмыс істеді.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу