Еврохаттама полицейдің қатысуынсыз құжат рәсімдейді

2802

Полицейлер көлік жүргізушілеріне үндеу жасады.

Еврохаттама полицейдің қатысуынсыз құжат рәсімдейді Фото: inbusiness.kz

Жаңа жылдан бастап елімізде европротоколжобасы жүзеге асады. Соның аясында жол-көлік оқиғасы орнына полиция қызметкерін шақырмай-ақ көлік иелері екеуара келісіп онлайн түрде жол апаты болғаны жайлы хаттама түзе алады. Қаңтар айынан бастап жұмыс істейтін европротокол қосымшасы арқылы хаттама түзу үшін тараптардың бірі қарсы болмауы тиіс және адам шығыны болмауы керек. 

"Барлығы онлайн жүргізіледі. Даже страховой инспекторлардың өздері келмейді ол жерге. Протоколды европротоколдың приложениесіне кіріп жаңағы көліктің тұрған жерінен суретке түсіріп жібереді. Сөйтіп, страховойкомпания өзі зерттеп зерделеп  шығындарын өтейтін суммаларын өздеріне жібереді", дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі Ақтоты Боранова.

Жүйенің жұмыс істеуін қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бақылайды. Құзырлы орган "бүгінде қосымша дайын, оны сақтандыру компаниялары сынақтан өткізіп жатыр" деді. Айтуларынша, бір айдан кейін іске қосылатын жүйенің қызметіне жүгінгендерге еш кедергісіз 1 аптаның ішінде тиесілі шешім шығпақ. 

"Еурохаттаманы қолдану үшін арнайы талаптарға сай болу керек. Ең негізгі талаптарына тоқталатын болсақ, жол-көлік оқиғасына тек екі көліктің түсуі, қатысушылардың өмірі мен денсаулығына зиянның болмауы және шығын сомасының 100 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек. Оған қоса, жол-көлік оқиғасына қатысушыларында кінәлі және жәбірленушіні анықтау бойынша келіспеушіліктері болмауы қажет", дейді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі департамент директорының орынбасары Сағи Әжібек.

Бүгінде бұл жаңашылдыққа күдікпен де, қуана да қарап жатқандар бар. қуана қабылдағандардың бірі кісі тасып күнелтіп жүрген Нұрлан Маметов. Тәулігіне 10-12 сағат көлік тізгіндейтін азамат егер жүйе тиімді жұмыс істесе жолдағы жосықсыз кептеліс азаяр еді деп отыр.  

Жол-көлік оқиғасы туралы полиция қызметкерін шақырмай хаттама толтырар кезде мынаны естен шығармау керек. Егер сіз европротакол қосымшасы арқылы хаттама түзіп кейін талас-тартыс болып, шығынды өндіре алмай қалсаңыз полиция қызметкеріне қайта шағымдана алмайсыз. Сондықтан жаңа жүйенің қызметіне жүгінер алдын жеті өлшеп бір кескен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу