"ЕвроХим" компаниясы Жамбыл облысында химиялық кешен салмақ

313

 "ЕвроХим" – минералды тыңайтқыштар сегментінің ірі инвесторы. 

"ЕвроХим" компаниясы Жамбыл облысында химиялық кешен салмақ Фото: gov.kz

Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың қатысуымен "ЕвроХим" минералды-химиялық компаниясы мен Қытайдың "China National Engineering Company" (CNCEC) компаниясы арасында келісімшартқа қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"ЕвроХим" – минералды тыңайтқыштар сегментінің ірі инвесторы. Компанияның химия және тау-кен салаларындағы ауқымды жобаларды сәтті жүзеге асыру тәжірибесі де бар.

 "CNCEC" өнеркәсіптік инжинирингтік компания ретінде белгілі. Олардың қызмет бағыттарына химия, мұнай-химия, фармацевтика, көмір және энергетика өнеркәсібі салаларындағы жобалар үшін консалтинг, жобалау, құрылыс және инфрақұрылымды құру кіреді.

Министр минералды тыңайтқыштар өндіру саласындағы ірі компаниялардың бірімен бірлескен жобаны жүзеге асыру еліміздің химия өнеркәсібін дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Бұл Жамбыл облысы, Жаңатас қаласындағы химия кешенін жобалау, салу және пайдалануға беру жөніндегі келісімшарт. Жоспарланған минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыттың қуаттылығы жылына кемінде 1 млн. тонна құрайды.

"ЕвроХим" компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасы 3 кезеңде жүзеге асырылуда, химиялық кешенін құру – соңғы кезең.

Инвестицияның жалпы көлемі 1 млрд долларды құрайды, кәсіпорын сонымен қатар 2400 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

"Азық-түлік қауіпсіздігі жер мен судың болуымен басталмайды. Бұл оның негізгі тірегі, бірақ шын мәнінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тыңайтқыштар қажет. Сондықтан бұл біз үшін өте маңызды жоба. Біз оны "ЕвроХим" және қытайлық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырып жатырмыз. Бұл өте үлкен Еуразиялық ынтымақтастықтың ең жақсы үлгісі. Және бұл өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі үшін өте үлкен оқиға", – деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

Одан бөлек, инвестициялық жоба Бірыңғай индустрияландыру картасына және Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес жүзеге асырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу