Европада газ бағасы өсті

336

 1 мың шаршы метр бағасы 400 доллардан асты.

Европада газ бағасы өсті Фото: zagraninfo.com

Бұл Германия экономика министрінің, ресейлік газдан толық бас тарту жөніндегі мәлімдемесінен кейін байқалды, деп хабарлайды Atameken business. 

Жалпы Европадағы көгілдір отын құны, көктем айларында бірден екі есеге дейін құлдырап, 280 доллар  көлемінде болған еді. Себебі ол кезде  барлық газ қорлары толып, сұйытылған табиғи газдың рекордтық мөлшері жиналған.

Алайда маусымның басынан бері, көгілдір отын құны бірден 20% -ға қымбаттады. Себебі Германияның экономика министрі Роберт Хабек ресейлік газдан бас тартқалы неміс экономикасында тапшылық пайда болғанын ашық мәлімдеген болатын. Cарапшылар пікірінше, Еуропа ресейдің көгілдір отынына балама  таппайынша, бұл нарық құбылмалы болып тұра береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу