Европарламент: Украинаның НАТО-ға қосылуына жол ашу керек

440

Европарламент Еуроодақ елдерін Украинаны НАТО-ға қосуға дайындала беруге шақырды. 

Европарламент: Украинаның НАТО-ға қосылуына жол ашу керек Фото: www.pravda.com.ua

Бейсенбі күнгі отырыста депутаттар арнайы резолюция қабылдап, одаққа мүше мемлекеттерді Украинаның альянсқа қосылуы үшін тез арада жол ашуға шақырды. 

Қабылданған резолюцияны 425 депутат қолдап, 38-і қарсы шыққан. Дегенмен Парламентарилер Украинаның НАТО-ға қосылуы әскери жағдай аяқталғаннан кейін ғана басталатынын ашық айтты. Ал оған дейін Еуроодақ пен оның мүшелері Киевпен тығыз баланыста болып, қауіпсіздік кепілдіктерін дайындай беру тиіс деп атап өтті. Ал Украина президенті Владимир Зеленский "уақыт келді" деп, европарламентке алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу