"Евровидение - 2023" Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтетін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz ВВС-ге сілтеме жасап.
"Евровидение - 2023" Украинада өтуі тиіс еді. Алайда қазіргі геосаяси жағдайға байланысты байқауды Ұлыбританияда ұйымдастыру шешімі қабылданды. Себебі британ әншісі Сэм Райдер "Евровидение – 2022"-де екінші орын алған болатын.
Айта кетсек, бұған дейін "Евровидение" байқауы Ұлыбританияда 8 рет өткен. Соңғы рет 1998 жылы Бирмингем қаласында өткізілген.
"Евровидение -2023" M&S Bank Arena порттық аренада өтеді. Ол 11 мыңнан астам көрермен сыйдыра алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу