"Евровидение-2026" Венада өтеді

153

Биылғы доданың жеңімпазы – австриялық әнші JJ (Йоханнес Пич). Дәстүр бойынша келесі байқауды жеңімпаз ел қабылдайды.

"Евровидение-2026" Венада өтеді Фото: Euronews.com

Австрияның телерадио компаниясы ORF 2026 жылы өтетін "Евровидение" халықаралық ән байқауы Венада ұйымдастырылатынын ресми түрде жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, Вена үшінші рет "Евровидениенің" сахнасына айналмақ. Бұған дейін қала 1967 және 2015 жылдары байқауды өткізген болатын.

Инсбрукпен тартыстағы жеңіс

20 тамызда ORF Вена қаласын таңдау туралы шешімін жариялады. Бұл мәртебеге Вена мен Инсбрук үміткер болған еді.

– Вена да, Инсбрук те байқауды өткізу бойынша тамаша ұсыныстар жасады. Дегенмен, инфрақұрылым, логистика және экономикалық тиімділікті ескере отырып, қазылар алқасы бірауыздан Вена нұсқасын таңдады, – деді ORF бас директоры Роланд Вайсманн.

Байқау кестесі:

  • Жартылай финалдар: 12 және 14 мамыр 2026

  • Финал: 16 мамыр 2026

  • Өтетін орын: Wiener Stadthalle аренасы (Вена)

JJ-дің күтпеген жеңісі

2025 жылы Швейцарияның Базель қаласында өткен байқауда 24 жастағы JJ "Wasted Love" әнімен жеңіске жетті. Бұл нәтиже көптеген көрермен үшін тосын болды, себебі жарыс кезінде басты фаворит Швеция атынан шыққан финдік KAJ триосы саналған еді.

Венаның "Евровидение" тарихы

  • 1967 жылы – Удо Юргенстің жеңісінен кейін;

  • 2015 жылы – Кончита Вурсттің (Томас Нойвирт) жеңісінен кейін;

  • 2026 жылы – JJ-дің жеңісінің арқасында.

Осылайша, Вена тағы да Еуропаның басты музыкалық сахнасына айналмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу