"Евровидение-2024" финалистері анықталды

269

Мальмёдағы "Евровидение" финалына израильдік Эден Голан, сондай-ақ фавориттердің бірі — Швейцариядан келген Nemo шықты. Екінші жартылай финалға дейін қалада Израильдің байқауға қатысуына наразылық акциясы өтті. 

"Евровидение-2024" финалистері анықталды Фото: Новий канал

Евровидениенің екінші жартылай финалы бейсенбі күні кешке Швед Мальмёсында аяқталды. 16 елдің орындаушылары финалға соңғы 10 жолдама үшін күресті. Екінші іріктеу турының қорытындысы бойынша финалға, букмекерлік кеңселердің пікірінше, байқау жеңімпазына негізгі үміткер хорват Baby Lasagna-ның басты бәсекелесі Швейцария өкілі Nemo шықты, деп жазады Inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап. 

Жалпы финалға Нидерландыдан Джост Клейн, грек Марина Сатти, Армениядан Ladaniva дуэті, Австриядан Kaleen, 5 miinust und Puuluup атты Эстония жобасы, латвиялық Dons, Норвегиялық Gate тобы, Грузиядан Нуца Бузаладзе өтті. "Евровидение" финалына Израильден Эден Голан да шықты. Ол байқау қарсаңында және "Евровидение" тарихында бұрын-соңды болмаған қысымға тап болды.

Екінші жартылай финал басталардан бірнеше сағат бұрын Мальмёда "Израильді "Евровидениеден" шығару - бейбітшілік пен еркін Палестина үшін" ұранымен демонстрация өтті.

Наразылыққа ХАМАС террористерінің шабуылына жауап ретінде Газе секторындағы Израиль армиясының әскери әрекеттері себеп болды. Бес мыңға жуық адам, олардың арасында эко-белсенді Грета Тунберг, қаланың орталық алаңына жиналып, содан кейін оның көшелерімен жүріп өтті. Қатысушылар саны күтілген 10-20 мыңнан аз болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу