EXIT POLL: Сайлаудың алдын-ала нәтижесі

658

Экзитпол кезектен тыс Президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады.  

EXIT POLL: Сайлаудың алдын-ала нәтижесі Фото: Тұрар Қазанғапов

"Ашық қоғам" зерттеу институтының есебі бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев саяси науқанда жеңіске жетті. Оған сайлаушылардың 82,45 пайызы дауыс берген. Екінші орында - Жигули Дайрабаев. Оның еншісінде - 3,33 пайыз. Қарақат Әбден болса электораттың 2,54 пайызының дауысын жинап, үшінші орын алды. Қажыкен Мейрам - 2,23 пайыз, Нұрлан Әуесбаев - 2,17 пайыз, ал Салтанат Тұрсынбекова - 2,08% дауысқа ие болды. Сонымен бірге сайлаушылардың 5,12 пайызы бәріне қарсы дауыс берген. Сайлауға электораттың 68,7 пайызы қатысқан. "Amanat партиясы жанындағы қоғамдық саясат институтының" зерттеуі бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 85,52 пайызының дауысын жинаған. Астана кешенді әлеуметтік зерттеулер институты жүргізген сауалнама қорытындысына сенсек Тоқаевты электораттың 82,02 пайызы қолдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу