EXPO-2017 қонақтарына Ақмола облысының 100 туристік нысаны қызмет көрсетеді

991

EXPO-2017 қонақтарына Ақмола облысының 100 туристік нысаны қызмет көрсетеді

EXPO-2017 халықаралық көрмесіне келген қонақтарды Ақмола облысының 100 туристік нысанында қарсы алады. Олардың тең жартысы Бурабайда орналасқан. Ал, шетелдік меймандарды тасымалдаумен аймақтың 68 туристік компаниясы айналысады. Олар бүгінде 50-ден астам бағытты дайындап қойған, деп хабарлайды 24Хабар.

Одан бөлек, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтін экскурсия жетекшілері де қазір өз әзірліктерін пысықтап жатыр. Ал, оларға 100 шақты ерікті қыз-жігіттер көмектеседі. Сондай-ақ, кеше ғана облыс орталығындағы сауда орталықтарының бірінен EXPO билет кассасы ашылды. Бұған дейін билеттер тек онлайн режимде және пошта бөлімшелерінде ғана сатылып келген еді. Билет құны 4 мың теңгеден басталады. Айта кетейік, жалпы халықаралық көрмені тамашалауға 2 млн-дан астам шетелдік турист келеді деген жоспар бар. 

"Енді біздің Ақмола аймағына сол 2 млн-ның 100 мыңы келеді деген. Бірақ Ақмола аймағы да сол көрмеге 100 мыңнан астам адамды апаруымыз керек. Өткен жылдың мамыр айынан бастап онлайн сатылым өтіп жатыр. Оның ішінде "Қазпоштаның" мекемелері сондай мүмкіншілікті туғыздырып жатыр. Бүгін билет алам десе, ондай мүмкіншілік бар", – деді облыстық туризм басқармасының жетекшісі Шынарбек Батырханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу