Бенилюкс Қазақстан – халықаралық энергетикалық әлемде ерекше орын алады. Сонымен қатар, жаһандық дағдарыс жағдайында баламалы энергия көздерін дамыту үшін мүмкіндіктер табуға болатынын көрсете білді. Бұл жөнінде Брюссельде Астанадағы EXPО көрмесіне орай энергетика жөніндегі Еуропалық одақтың бұрынғы комиссары Андрис Пиебалгс мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
Халықаралық мамандандырылған көрме жұмысына Бенилюкс елдерінің компаниялары энергетика жөніндегі Еурокомиссар Марош Шевчович және Люксембург премьер-министрі Ксавье Биттель қатыспақ.
– Менің ойымша, бұл көрме көптеген оқиғамен астарласып өткелі отыр. Мәселен, қазір жаңа энергетикалық қорларға инвестиция көп тартылады. Сондықтан мұндай ауқымды шара нарықтың да, саясаткерлердің де көзін ашады деп сенемін. Себебі, көптеген сарапшы сенімсіздік тудырған дүниелерге қолымыз жетіп жатыр. Оған дәнекер болатын технологиялар жоқ емес – бар, бірақ оларды тәжірибе жүзінде қолдану үшін тетіктерін таба білу керек, - дейді ЕО энергетика жөніндегі комиссары Андрис Пиебалгс.