Қытайдың 500 компаниясы "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысады. Бұл туралы Ахметжан Есімов пен Қытайдың Халықаралық сауданы қолдау комитетінің төрағасымен өткен кездесуде айтылды, деп хабарлайды 24.kz.
Ахметжан Есімов Қытай павильонына қызығушылықтың жоғары екендігін атап өтті. Ал Қытай елінің өкілдері дайындық жоғары деңгейде жүріп жатқанын жеткізді. Павильонды келушілерге паш ету үшін Қытайдың 223 провинциясының маманы еңбек етіп жатыр. Тараптар мұндай ауқымды шара қос елдің ынтымақтастығына тың серпін беретінін тілге тиек етті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу