Expo 2017 нысандарын Ұлттық қордан қаржыландыру тоқтайды

835

Қаржы министрлігі Есеп комитетінің қаржыландыру көзін өзгерту туралы ұсынысын қолдады.  

Expo 2017 нысандарын Ұлттық қордан қаржыландыру тоқтайды

ҚР Есеп комитеті "QazExpoCongress" Ұлттық компаниясы" АҚ Ұлттық қордан қаржыландыруды өзгертуді ұсынды. Бұл туралы  2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының түсіндірме жазбасында көрсетілген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жазбада айтылғандай шығындар "Ұлттық қордың ресурстарын жұмсау принциптеріне сәйкес келмейді". Болашақта көрмеден кейінгі кезеңдегі объектілерге қызмет көрсету оларды жалға беру (АХҚО, Astana Hub, IT университеті, Халықаралық жасыл технологиялар орталығы жалға алушылары) және қосымша ақылы қызметтер арқылы қамтамасыз етілуі тиіс, деп атап көрсетеді мемлекеттік аудиторлар. 

Бастапқыда 2021 жылы Ұлттық қор есебінен "QazExpoCongress" ҰК" АҚ -на 3,1 млрд теңге аудару жоспарланған болатын. Алайда Қаржы министрлігі мемлекеттік аудиторлардың ұсынысын ескеріп, қаражат мақсатты трансфертпен қаржыландырылатын шығыстар тізімінен алынып тасталды. Бұл қаражат енді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге бағытталды, делінген түсіндірме жазбада. 

QazExpoCongress -тің 2020 жылғы қаржылық есептілігінен белгілі болғандай, өткен жылы топқа 2019 жылға арналған республикалық бюджеттен және қордан жобалауға, салуға және реконструкциялауға ақысыз және қайтарымсыз мақсатты трансферт түрінде 6,6 млрд. теңге (2019 ж. - 35,6 млрд. теңге) алған.  

2020 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 4,4 млрд. теңге сомасында берілген қысқа мерзімді аванс Дубайдағы халықаралық көрмеде ұлттық павильон ұйымдастыру және пайдалану қызметтері үшін контрагент "Dorstroy Holding" ЖШС-ге алдын-ала төлем ретінде берілген.  Еске салайық, пандемияға байланысты Дубайда өтетін World Expo 2020 көрмесі бір жылға шегерілді. Ол 2021 жылдың 1 қазаны мен 2022 жылдың 31 наурызы аралығында өтеді. 

Сонымен қатар, 2020 жылы ҰК-ның жалға беруден түскен кірісі 1 084 459 мың теңгені құраған. Көрмеге билеттерді сатудан 38,5 миллион теңге (2019 жылы 271 миллион теңге) көлемінде кіріс алды. Компанияның өткен жылғы операциялық шығыны 8,7 млрд теңгені құрады, бір жыл бұрын - 17,1 млрд теңге.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу