EXPO басшылығы сатылып жатқан мүліктерге қатысты ақпаратты түсіндірді

891

EXPO басшылығы сатылып жатқан мүліктерге қатысты ақпаратты түсіндірді

EXPO қалашығының директоры Ғалымжан Қарымсақов әлеуметтік желіге таралып жатқан заттардың сатылып жатқаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Today.kz.

"Кеше адамдар келді, олар таңғалып, бұл заттарды не үшін сататынымыз жайлы сұрады, "заттар тегін болуы керек қой" деп жатты. Әлеуметтік желіге тараған суреттердегі жиһаздардың бір бөлігі біздікі емес. Бағасы да басқа. Жиһаздың бір бөлігін сатып жатқанымыз рас, ол - қалталарынан ақша шығарған жеке инвесторлардың жиһазы. Адамдар пәтерден кеткен соң, жиһаздар инвесторлардың меншігінде қалды", - деді Қарымсақов. 

Айта кетейік, әлеуметтік желіде "Астана-EXPO-2017" ҰҚ" АҚ мүліктерінің сатылымға қойылғаны туралы ақпарат тараған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу