EXPO керуені Римге жетті

1074

EXPO керуені Римге жетті

EXPO керуені Италия астанасына жетті, деп хабарлайды 24.kz. Бұл роуд-шоуды Қазақстанның Римдегі елшілігі мен "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы ұйымдастырып отыр.

Интерактивті мобильді павильон арқылы еуропалықтарға EXPO "болашақ энергиясы" жайында кеңінен мағлұмат береді. Сонымен қатар туристерді Қазақстанға келуге шақырады. Римдіктер бұл шарадан қандай әсер алды.

EXPO керуені Гарибальди алаңына аялдады. Бұл – Римдегі халық көп серуендейтін демалыс орындарының бірі. Оның үстіне мұнда туристер де көп келеді. Қазақстанның көздегені де – осы. Шетелдіктерге EXPO жайлы ақпарат таратып, кеңінен насихаттау.

Болашақтың энергиясы дегеніміз не? Сауалдың жауабын осы павильоннан табуға болады. Мұнда баламалы энергияны алу жолдарының түрлі әдісі көрсетілген. Инновациялық жобалар бір-бірінен асып түседі. Барлығы көрнекі құрал ретінде көрермендер назарына ұсынылған.

EXPO керуені Италияға дейін Испанияда болды. Миланда екі күнде павильонды мыңнан аса адам тамашалады. Римде де жергілікті тұрғындар мен туристердің қызығушылығы жоғары. Керуен бұдан соң Цюрих, Париж, Лондонға жол тартады. Жалпы ұйымдастырушылар Еуропаның 10 мемлекетінде болуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу