EXPO көрмесі ашылғаннан бері 120 шетелдікке медициналық көмек көрсетілді

1110

EXPO көрмесі ашылғаннан бері 120 шетелдікке медициналық көмек көрсетілді

EXPO көрмесі басталғалы бері 800-ге жуық адам медициналық қызметті пайдаланған. Оның 120-сы – шетел азаматтары. Олар көбінесе қан айналымы, бас ауруы және түрлі дене жарақаты бойынша көмек сұраған, деп хабарлайды 24.kz.

Ал көрме ішінде медициналық қызметті ұсынатын "Медикер" компаниясы аптасына жеті күн үзбей, тәулік бойы жұмыс істейді. Қала ішінде қазір 85 бригада кезекшілік етіп, кез-келген жағдайға сақадай сай отыр. Көрмені көрмекке келген шетелдік меймандар үшін ағылшын, түрік, испан, қытай тілдерін жетік білетін 20 қызметкер да бар. Әзірге оқыс оқиға тіркелген жоқ.

"EXPO-ға біз өте тыңғылықты дайындалдық. 1 мамырдан бастап диспетчерлік орталықта ағылшын, неміс, француз, қытай тілдерінде еркін сөйлейтін мамандарды отырғыздық. Олар тәулік бойы үзіліссіз қызмет етуде", - дейді ҚР денсаулық сақтау министірлігінің баспасөз қызметшісі Ернар Әкімқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу