EXPO көрмесі қарсаңында қауіпсіздік шарасы күшейтілді

640

EXPO көрмесі қарсаңында қауіпсіздік шарасы күшейтілді

Астанада және республиканың шекаралас облыстарында EXPO халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу қарсаңында құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған профилактикалық пысықтау шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Жедел алдын алу шарасы екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең 10 сәуірде басталып, 20 сәуірге дейін жалғасады. Шараға құқық қорғау органдарының елеулі күштері тартылып отыр.

ЖАШ өткізу аясында ішкі істер органдарында профилактикалық тіркеуде тұрғандар тұрғылықты жерінде тексеріледі. Бұған қоса, тәртіп сақшылары жоспарлы негізде атыс қаруы мен аңшылық қаруының иелерін сақтау және қайта тіркеу ережелерімен тексереді.

Елордалық оперативті штаб қала тұрғындары мен қонақтарын құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарап, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне барынша қолдау көрсетуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу