Көркемдік безендірілуі жағынан Ресейдің павильонына жетері жоқ. Арнайы сарапшылар EXPO көрмесінің кешендеріне сараптама жүргізіп, осындай тоқтамға келді, деп хабарлайды khabar.kz.
Ал үздік үштікке Ұлыбритания мен Оңтүстік Кореяның павильондарын қосқан. Халықаралық көрмелер бюросы бұдан бөлек тағы бірқатар аталым бойынша мықтыларды анықтады. Мәселен, тақырыпты ашу көрсеткіші бойынша Германия, Қытай және Франция елінің павильондары үздік атанды. Ал құны 20 мың АҚШ долларын құрайтын арнайы жүлде Лесотто елінің студенттері жасаған жобаға бұйырды. Жалпы бұл марапаттау шарасы 1851-жылдан бері өткізіліп келеді. Яғни Лондонда өткен ең алғашқы халықаралық көрмеден бастап дәстүрге айналған. Басты мақсат – қатысушыларды ынталандыру және тақырыпқа қатысты жобалардың жүзеге асуына ықпал ету.