EXPO павильондары көрмеден кейін де қызмет ететін болады

987

EXPO павильондары көрмеден кейін де қызмет ететін болады

EXPO-дағы павильондар көрме аяқталғаннан соң қаңырап бос қалмайды. Оларды шарадан кейін пайдалану бойынша қазірдің өзінде 20-дан астам ұсыныс түсті. Бүгін бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды 24kz.

Оның айтуынша, әлемге белгілі Job World білім беру орталықтары ашылуы мүмкін. Ол үшін қазір кореялық тәжірибе зерттеліп жатыр. Сондай-ақ көрме аумағында БҰҰ-ның "жасыл" экономика және халықаралық қаржы орталықтары пайда болады.

"Миландағы көрмеден кейін павильондардың бәрі бұзылып, алынып тасталды. Бізде ондай болмайды. Мәселен, шар тәрізді "Нұр әлем" павильоны болашақ мұражайына айналады. Онда ғарыш, күн, су, жел, кинетика энергиясы секілді тақырыптарды ашатын түрлі жобалар көптің назарына ұсынылады. Бүгінде павильондарды пайдалану бойынша ұсыныстар көп түсіп жатыр. Олардың бәрі қызықты. Бұл мәселеге қатысты нақты шешімді жуық арада қабылдаймыз деп ойлаймын", – деп мәлім етті "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу