Тараптар Теңіз және Солтүстік Каспий жобаларының іске асу барысын талқылады. Аталған жобаларға екі компания да қатысады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар инвестициялық ынтымақтастықтың, геологиялық барлау, тасымалдау, озық технологияларды енгізу саласындағы өзара іс-қимылдың және мұнай-газ секторындағы өндірістік тиімділікті арттырудың перспективалары қаралды.
– ExxonMobil компаниясының мол тәжірибесі мен технологиялық сараптамасын ескере отырып, ҚМГ стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға мүдделі. Біз америкалық әріптестерімізбен қазіргі жобалар бойынша да және Қазақстанның мұнай-газ секторын тұрақты дамыту жолындағы болашақ бастамалары аясында да ортақ жұмысты жалғастыруға дайынбыз, – деді Асхат Хасенов.
Кездесу соңында тараптар негізгі қызмет бағыттары бойынша өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге ниетті екенін растады.
Айта кетейік, ExxonMobil Теңізшевройлдың 25% үлесіне иелік етеді. "ҚазМұнайГаздың" үлесі – 20%, Chevron-да – 50%, ал қалған 5% "Лукойлға" тиесілі. Бұл құрылым ExxonMobil-ді Теңіздегі стратегиялық шешімдерге тікелей қатысатын негізгі инвесторлардың біріне айналдырады.
Қашаған жобасында да ҚМГ мен ExxonMobil-дің үлестері шамалас: "ҚазМұнайГазға" 16,88%, ExxonMobil-ге 16,81% тиесілі.