ЭЫҰ мүше елдердің кедендік қызметтерінің басшылары кездесті

1528

ЭЫҰ  мүше елдердің кедендік қызметтерінің басшылары кездесті

2016 жылғы 19 қазанда Тегеран (Иран Республикасы) ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғосман Әмрин бастаған қазақстандық делегация Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) кедендік қызметтері басшылары кеңесінің 7-і кездесуіне қатысты.

Бұл кездесу арада тоғыз жыл салып өткізіліп отырғандықтан, ерекше маңызға ие. Атылмыш кеңес жұмыстың қайта жалғасуы ЭЫҰ елдері үшін айырықша маңызды. Ол осы аймақтағы сауда-экономикалық саланың дамуына серпіліс береді.

Форумда: өзара ақпарат алмасу, контрабанда және кедендік бұзушылықтар туралы мәліметтер қорын құру, кедендік істер бойынша әкімшілік өзара көмек туралы Келісімнің жобасын мақұлдау, сондай-ақ ЭЫҰ кедендік органдары қызметкерлерінің тәжірибе алмасуы және біліктілігін арттыру мәселелері қарастырылды.

Іс-шара аяғында кедендік сарапшылар комитет бөлігінің 3-ші Есебіне қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу