Бұл туралы Associated Press-ке (AP) сілтеме жасап inbusiness.kz сайты хабарлайды.
БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, ұшақтың апатқа ұшырауы қону жолағында болған. Абырой болғанда ұшқыш аман, ол медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілген.
Ұшқыштың қону алдында апат жағдайы туралы диспетчерлерге хабарлағаны белгілі болды.
354-ші жойғыш қанатының командирі Пол Таунсенд ұшақтың айтарлықтай зақымданғанын хабарлаған. Оның сөзінше, басшылық аталған оқиғаны мұқият тексеретін болады.
Anchorage Daily News газеті F-35 ұшағының құны шамамен 81 миллион доллар екенін жазған. Айта кетейік, Эйлсон базасында осы модельдің 54 жойғыш ұшағы орналасқан. Соңғы екі ұшақ 2022 жылы жеткізілген.
Эйлсон базасы АҚШ-тың Фэрбанкс қаласынан оңтүстікке қарай 40 шақырым жерде орналасқан.