Facebook 2020 жылы өз криптовалютасын шығарады

889

Компания криптовалюта халықаралық деңгейге шығып, долларға бәсекелес болады деп үміттеніп отыр.

Facebook 2020 жылы өз криптовалютасын шығарады

Әлемдегі ең ірі  әлеуметтік желі иесі америкалық  Facebook Inc. жаңа криповалютаны шығару жоспары бар екенін мәлім етті, деп хабарлайды "Интерфакс". Компания криптовалюта халықаралық деңгейге шығып, долларға бәсекелес болады деп үміттеніп отыр.   

Libra деп аталатын криптовалюта 2020 жылы шығады. Ол "стейблкойн" катергорясына кіреді.   Facebook криптовалютаны күн сайын транзакция жасауға пайдалану үшін оның құнының айтарлықтай құбылуына жол бермеуді мақсат етіп отыр. 

Криптовалютаны шығару үшін Facebook-ке реттеушіден рұқсат алу керек болады. АҚШ-тың құнды қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы заңнаманы бұзғаны үшін ондаған өз токенін шығарған компанияларды жауып тастаған.  

Реттеушінің мақұлдауын алу мақсатында  Facebook криптовалютаға қатысты шешімдерді қабылдайтын Libra Association ұйымын құрған. Ұйымның құрамына басқа да 27 компания кіреді, оның ішінде  Visa Inc., Uber Technologies Inc. және PayPal Holdings Inc бар.  

Криптовалютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Libra Association-ның барлық мүшесі ортақ резервке 10 млн доллар  салады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу