Facebook акциялары 2%-ға өсті

826

Әлеуметтік желінің жұмысы тоқтап қалғаннан кейін құнды қағаздар 4,89%-ға арзандаған еді.

Facebook акциялары 2%-ға өсті

Америкалық Facebook компаниясының акциялары Нью-Йорк қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша шамамен 2%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz  Reuters-ке сілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, компания акцияларының құны 6,73 долларға қымбаттап, 332,96 доллар болды. Әлеуметтік желінің жұмысы тоқтап қалғаннан кейін құнды қағаздар 4,89%-ға арзандаған еді. 

Сауда-саттықтың жабылуынан кейін, басқа технологиялық компаниялардың акциялары қымбаттай бастады. Twitter акцияларының бағасы 2,49%-ға, Alphabet-тікі 1,77%-ға, Amazon-дікі 0,98%-ға, Apple-дікі 1,42%-ға өсті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Facebook, Instagram, WhatsApp және компанияның басқа да қосымшалары дүйсенбіде жеті сағаттай істемей қалған еді. Корпорация басшысы Марк Цукерберг интернет платформалардың жұмысындағы бұл ақау үшін кешірім сұрады.

Табиғат Нұрболат

Фото: Unsplash.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу