Facebook атауын өзгертеді

734

Оның Horizon-мен байланысы болуы мүмкін деген болжамдар айтылуда. 

Facebook атауын өзгертеді

Facebook келесі аптада атауын өзгертуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz Verge порталына сілтеме жасап.  

Корпорация өкілдерінің айтуынша, жаңа атау әлеуметтік желінің метаәлемді құруға бағытталғандығын көрсетуі керек. 

Facebook басшысы Марк Цукерберг метаәлем шығармашылықпен айналысатын қызметкерлерге, қала орталығынан алыс жерде өмір сүргісі келетіндерге, сондай-ақ білім алу қолжетімділігі шектеулі жерлерде тұратындарға мүмкіндік береді деп санайды. 

Жаңа атаудың қандай болатынын басшылықтың басым бөлігі білмейді екен. Оның Horizon-мен байланысы болуы мүмкін деген болжамдар айтылуда.  

Facebook компаниясын 2004 жылы 4 ақпанда Марк Цукерберг және оның үш курстасы құрған болатын. Корпорацияның штаб-пәтері Менло паркте (Калифорния штаты) орналасқан. Компанияға Facebook және Instagram әлеуметтік желілері, сондай-ақ WhatsApp және Messenger қосымшалары тиесілі.

Табиғат Нұрболат

Фото: pixabay.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу