Facebook бинарлық опциялардың жарнамасына қатысты шешіміне өзгеріс енгізді

910

Facebook бинарлық опциялардың жарнамасына қатысты шешіміне өзгеріс енгізді

Facebook әлеуметтік желісі таспада криптовалютаны жарнамалауға рұқсат бермекші. Бірақ криптоактивтерді бірінші рет таспаға салуға қатысты осыған дейінгі тиымының күшін жоймайды, деп жазды ТАСС.

"Қаңтар айында біз пайдаланушыларды жаңылыстыратын қаржылық өнімдер мен сервистердің, бинарлық опциондар мен криптовалюта секілді алдамшы технологиялардың жарнамасына тыйым салатын жаңа қызмет саясатын енгізген болатынбыз. Бірақ соңғы айлардағы ізденіс  нәтижесінде әлеуметтік желі бұл саясатты өзгертіп, қауіпсіздігіне көз жеткізу мақсатында кейбір жарнамаларға рұқсат бергені дұрыс деп шештік", - деді Facebook  басшыларының бірі Роб Лезернг.

Оның айтуынша, 26 маусымнан бастап ережелер жаңартылады. Еске сала кетейік, қаңтар айында Facebook желіде криптовалюта және бинарлық опциялардың жарнамасын жариялауға тыйым салған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу