Facebook Бразилиядағы тәртіпсіздіктерді қолдайтын жазбаларды өшіретін болады

634

Facebook әкімшілігі Бразилияда елдің экс-президенті Жаира Болсонарудың жақтастары ұйымдастырған тәртіпсіздіктерді қолдайтын барлық жазбалар өшірілетін болады.  

Facebook Бразилиядағы тәртіпсіздіктерді қолдайтын жазбаларды өшіретін болады Фото: EADaily

Бұл туралы CNN Meta өкілі Энди Стоунға сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Оның айтуынша, "бұл әрекеттерді қолдайтын немесе мақұлдайтын жазбалар жойылады".

"Біз жағдайды бақылауда ұстаймыз және ережелерімізді бұзатын жазбаларды жоюды жалғастырамыз", — деп атап өтті Facebook компаниясының өкілі.

8 қаңтарда Болсонарудың жақтастары полициямен қақтығысқа түсіп, ел астанасындағы мемлекеттік органдардың ғимараттарында тәртіпсіздіктер ұйымдастырды. Алдын ала бағалауларға сәйкес, тәртіпсіздіктерге 5 мыңға жуық адам қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу