Facebook әлеуметтік желісінің әкімшілігі экстремистік мазмұндағы жазбалар жарияланған бір сағаттың ішінде өшірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды kazislam.kz.
Компания баспасөз қызметі экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жұмысында "Ислам мемлекеті", "әл-Каида" секілді халықаралық террористік ұйым атаулары жазылған постылардың 99 пайызын анықтайтын жасанды зейін тетігі іске қосылатынын хабарлады.
Айта кетсек, аталмыш тетік осы мазмұндағы жазбалардың 83%-ға дейінгі көшірмелерін де жояды. ДАИШ пен әл-Каида ұйымдарына қатысы жоқ жазбаларды жүйе өздігінен өшірмейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу