Facebook істен шыққаннан кейін, америкалық нарық құлдырады

829

Цукерберг 6,6 миллиард долларынан қағылды.

Facebook істен шыққаннан кейін, америкалық нарық құлдырады Фото: reuters.com

Facebook пен бірқатар әлеуметтік желі істен шыққаннан кейін, америкалық нарықтағы көрсеткіштер төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

Cауда-саттық қорытындысы бойынша, S&P 500 индексі 1,3%-ға, Nasdaq 100 2%-ға, Dow Jones 1%-ға жуық, NYSE Composite 0,73%-ға төмендеді. The Wall Street Journal болжамы бойынша мұндай көрсеткіштерге технологиялық компаниялар акцияларының арзандауы себеп болып отыр. 

FANG деп аталатын компаниялар (Facebook, Amazon, Apple, Netflix және Google) бір түнде 243 миллиард доллар көлемінде капиталдандыруды жоғалтты. Alphabet 3%-ға, Amazon 2,85%-ға, Netflix 2,6%-ға, Apple 2,4%-ға, Microsoft 2%-ға қысқарды. Әсіресе Facebook қатты зардап шегіп отыр. Оның акциялары 5%-ға арзандап, капиталдандыру көлемі 50 миллиард долларға төмендеді. Ал компания басшысы Марк Цукерберг Facebook пен Instagram әлеуметтік желілері мен WhatsApp мессенджеріндегі іркілістің салдарынан 6,6 миллиард долларынан қағылды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу